
Досмат Гүлжанат Бақытжанқызы
Досмат Гүлжанат Бақытжанқызы 1994 жылдың 08 сәуір күні Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қосағаш ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қосағаш ауылында «Қосағаш» жалпы орта мектебінің табалдырығын аттап, 2011 жылы сол мектепті аяқтап шыққан. 2015 жыл «Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетіне» оқуға түсіп, 2019 жылы маусым айында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығын бітіріп шықты. 2021 жылдың 04 қаңтар айында «Перизат-1» бөбекжай балабақша ЖШС-нің меңгеруші лауазымына тағайындалды. 2021 жылдан бастап балабақша меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Осы уақыт ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметін тиімді ұйымдастыруға, білім беру сапасын арттыруға және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуына жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Еңбек жолымда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес білім беру ұйымының жұмысын тиімді ұйымдастыруға, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға басшылық жасап келеді.
Қызмет барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, олардың біліктілігін арттыруына қолдау көрсетуге, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді енгізуге және білім беру сапасын жүйелі бақылауға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, ата-аналармен тиімді серіктестік орнату және ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Қызметімнің негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру. Басшылық қызмет барысында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алып, ұжыммен бірлесе отырып оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, ата-аналармен ынтымақтастықты нығайтуға және балабақшаның материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі.
Басшылық қызметімде жауапкершілік, әділдік, ашықтық және үздіксіз кәсіби даму қағидаттарын басшылыққа алады. Алдағы уақытта да білім беру ұйымының даму стратегиясын жүзеге асырып, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қоса береді.
Қызмет атқарған кезеңде өзін жауапкершілігі жоғары, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті басшы ретінде көрсете білді. Білім беру ұйымының жұмысын тиімді ұйымдастырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарының орындалуын қамтамасыз етіп келеді.
Меңгеруші ретінде педагогтердің кәсіби дамуына, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға, заманауи педагогикалық технологияларды енгізуге және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, әріптестерімен және ата-аналармен өзара сенімге негізделген ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан.
Еңбек қызметінде жауапкершілік, әділдік, бастамашылдық және жаңашылдық қағидаларын басшылыққа алады. Басқарушылық шешімдерді сауатты қабылдап, балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайтуға және ұйымның даму көрсеткіштерін жақсартуға жүйелі үлес қосып келеді.
Жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, кәсіби біліктілік және жаңашылдыққа ұмтылу – жұмысымдағы негізгі қағидаттары. Алдағы уақытта да сапалы мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді деген сенімдеміз.
